$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ол жұптық сында жарыс жолына шықты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 тамызға қараған түні Данилина сербиялық спортшы Александра Круничпен бірге жұптық сайыста америкалық Кармен және Ивана Корли есімді апалы-сіңлілі қарсыластарын жеңді. Ойын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама үшін Анна мен Александра чехиялық дуэт – Анастасия Детиюк пен Мириам Скохқа қарсы бақ сынайды. Айта кетерлігі, бұл жұп осы турнирге үш жыл бұрын да қатысып, финалға дейін жеткен, бірақ шешуші ойында жеңіліс тапқан.

Ал US Open-2025 іріктеу сынында қазақстандық теннисшілердің жолы болған жоқ: жарыстың іріктеу кезеңінде бақ сынаған үш спортшымыз да екінші айналымнан аса алмады.

Серіктес жаңалықтары