21.08.2025, 13:45
Жаңалықтар
Шағын көлдің аумағындай шұңқыр қазған: Алматы облысында заңсыз қазба жұмыстары әшкереленді
Алматы облысында бүтін бір көлдің аумағындай жер қазылған
Фото: Алматы облысының Полиция департаменті
Алматы облысында рұқсат құжаттарынсыз пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 7 дерегі анықталып, тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Участоктардың бірінде көлемі шағын көлдермен салыстыруға болатын ірі шұңқырлар қазылғаны белгілі болды
Қоршаған ортаға зиян келтіру белгілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, ал пайдаланылған техникалар айып тұрағына қойылды.
Прокуратура органдары кез келген лицензиясыз немесе рұқсат құжаттарынсыз жүргізілетін жер қойнауын пайдалану операциялары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік қана емес, қылмыстық жауаптылық та көзделгенін ескертеді.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты