21.08.2025, 13:29
Жаңалықтар
Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен табылды
ҰҚК хабарлама таратты
Фото: ҰҚК
ҰҚК Қазақстанның түрлі өңірлерінде ондаған қару мен жүздеген оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алып қойылды. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 14:48
«Жүрегімде мұң, көзімде мұң»»: Тоқаев Тамыз конференциясында өткір мәлімдеме жасады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті