21.08.2025, 13:58
Жаңалықтар
Қарағанды облысында ер адам есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды
Жалға алынған пәтерінен 7 келі есірткіге ұқсас ұнтақ зат тәркіленді
Фото: Қарағанды облысы ПД
Қарағанды облысында есірткі саудасының жолы кесілді. Аймақта есірткі таратқан 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан 30 орам гашиш табылды. Жалға алынған пәтерінен 7 келі есірткіге ұқсас ұнтақ зат тәркіленді.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған заттарға сараптама тағайындалды.
Мұндай қылмыс үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты