Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бейсенбі күні Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орал қаласында тұман күтіледі.
Ақмола облысында бұршақ жауады.
Таразда өрттің жоғары қаупі сақталады.
Талдықорған, Павлодар және Атырау қалаларында найзағай күтіледі.
Көкшетау қаласы мен Жетісу облысында найзағай соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы және Маңғыстау облыстарында найзағай, жел және 35 градусқа дейін ыстық ауа райы күтіледі.
Павлодар, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, тұман, қатты жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтау, Жезқазған, Қарағанды, Жамбыл және Ұлытау облыстарында секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.