$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жұмысқа орналасуға келген ер адам кафеде ұрлыққа түсті

Елордалық полицейлер ұрлықты әшкереледі

Астанада жұмысқа орналасуға келген ер адам кафеде ұрлыққа түсті
Фото: Астана ПД

Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде келеңсіз жағдай болды. Жұмысқа орналасуға келген ер адам үстелдің үстінде тұрған ұялы телефонды ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы күдікті анықталды. Ол 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, күдікті жұмыс іздеп келген ер адам болып шыққан.

Күдіктінің айтуынша, ол кеңсеге жұмысқа орналасу мақсатында келген. Әкімшіні күтіп отырған кезде үстелдің үстінде жатқан телефонды алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған телефонды сатып жібергенін, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты қылмыстық жолмен иелену – қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары