$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды

Алтыннан бөлек төрт күміс, екі қола медальдар бар

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бірінші орынды Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Артур Гафнер (найза лақтыру) иеленді. Одан бөлек жерлестеріміз әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада (Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан, Ирина Конищева) және аралас 4×400 метрлік эстафетада (Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс және Александра Залюбовская) алтын медальға ие болды.

Күміс жүлдегер атанғандар: Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру), Ирина Конищева (жетісайыс).

Қола медаль иегерлері: Виктория Ан (200 метрге жүгіру) және Виталий Земс (100 метрге жүгіру).

Серіктес жаңалықтары