Қостанайда ер адам сотта жалған куәлік бергені үшін үш жылға сотталып кетті
Ол ағасы мен ұлын қылмыстық жауапкершіліктен құтқарып қалмақ болған

Қостанай облысында ер адам сотта жалған куәлік бергені үшін үш жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай соты жергілікті тұрғынды әдейі жалған куәлік бергені үшін (ҚР ҚК 420-бап, 2-бөлім) кінәлі деп таныды. Ер адам 2023 жылдың желтоқсан айында ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ағасы мен ұлын қылмыстық жауапкершіліктен босатпақ болып әрекет жасаған.
Тергеу барысында адвокат қатысуымен өткен сұрақ-жауап кезінде К.Б. жауапкершілік туралы ескертуге қарамастан саналы түрде жалған ақпарат бергені анықталды. Мемлекеттік айыптаушы оған 6 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, бірақ сот айыпталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, жазаны 5 жылға тағайындады.
Сонымен, Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық заңын қолдана отырып, жазаны 3 жыл 4 ай шартты түрде, пробациялық бақылаумен алмастырды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.