$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Ұлттық Банк онлайн-сервистерде алаяқтыққа қарсы ескерту жасады

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: istockphoto.com

Ұлттық банк қазақстандықтарға онлайн-сервистер мен мобильді қосымшаларды қолданғанда жеке деректерін қорғауға шақырды. Банктің мәліметінше, қаскөйлер логин, пароль, банк картасының деректемелерін ұрлау үшін фишинг, қауіпті сілтеме, жалған сайттар мен QR-код сияқты әртүрлі әдістерге барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаскөйлердің негізгі әрекеттері

  • Дербес деректерді ұрлау үшін адамдарды ұтыс ойыны, конкурс немесе сауалнамаға қатысуға шақыру;
  • Ұрланған фото, бейне, аудио жазбаларды жалған аккаунттар ашу үшін пайдалану;
  • Қазақстан Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары немесе коммуналдық қызметтер қызметкері ретінде өзін таныстыру.

Азаматтарға ұсыныстар

  • Банк картасының деректемесі мен құпиясөзді ешкімге бермеу;
  • Интернетте жеке және қаржыға қатысты ақпаратты жарияламау;
  • Әлеуметтік желі мен мессенджерде құпиялылық параметрін тексеру, күрделі құпиясөздер мен қос факторлы аутентификацияны пайдалану;
  • Күдікті сілтемелерге өтпеу және банктен келген SMS-кодты үшінші тұлғаға хабарламау.

Егер дербес деректеріңіздің заңсыз пайдаланылғанын анықтасаңыз, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне немесе құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Консультация алу үшін Ұлттық Банк 1477 қысқа нөмірі арқылы байланысуға болады.