20.08.2025, 11:52
Жаңалықтар
33 градусқа дейін жылынады: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер болжамы белгілі болды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының ықпалы республиканың басым бөлігіне сақталады – найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа райы кезеңнің соңына қарай республика батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман.
- Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +20…+25°С дейін төмендейді.
- Орталықта түнде +9…+18°С, күндіз +18…+30°С.
- Шығыста түнде +7…+18°С, күндіз +19…+27°С.
- Батыста түнде +15…+23°С дейін жоғарылап, күндіз +30…+37°С.
- Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +25…+33°С.
- Оңтүстікте түнде +13…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +27…+35°С.
- Оңтүстік-шығыста түнде +10…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +20…+32°С күтіледі.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады