Үржардағы трагедия: 6 баланы қағып кеткен жүргізуші қамауға алында
Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Үржарда болған қайғылы оқиғаға байланысты көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының Үржар ауданында болған үш баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеуде.
Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында», – делінген ІІМ хабарламасында.
Айта кетейік, Үржарда көлік қағып кеткен үш бала қаза тапқаны, тағы үшеуі ауыр халде жатқаны хабарланды. Көлік қағып кеткен балалар ата-әжесіне қыдырып барған. Ауруханаға түскен үш баланың екеуін санавиация Астанаға жеткізетін болды.