20.08.2025, 11:25
Жаңалықтар
Тоқаев Мажарстан президентін Әулие Иштван күнімен құттықтады
Тоқаев жеделхат жолдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
