19.08.2025, 16:49
Жаңалықтар
Степногорскта әйел адам сәбиімен бірге 7-қабаттың терезесінен құлап кетті
Қайғылы оқиға туыстарының үйіне қонаққа барғанында болған
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысының Степногорск қаласында әйел адам сәбімен бірге 7-қабаттан құлап кеткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға шамамен таңғы сағат 5 шамасында болды. Екеуі де сол жерде жан тапсырды.
Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми пікір берді.
«Әйел мен оның жас қызының Степногорск қаласындағы туыстарының пәтерінің терезесінен құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды