$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балабақшадағы зорлық: Таразда тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршінді ұрып, басын жарды (ВИДЕО)

Оқиға 25 шілде күні болғаны анықталды

Балабақшадағы зорлық: Таразда тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршінді ұрып, басын жарды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Тараздағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі баланы басынан пакетпен аяусыз ұрған видеосы тарады. Оқиға 25 шілде күні №36 «Бүлдіршін» балабақшасында болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Желідегі мәліметке сүйенсек, тәрбиешінің көмекшісі бес жасар ұл баланы кешкі серуен алдында басынан ұрған. Тәрбиеші бірден медбикені шақырып, алғашқы көмек көрсеткен. Кейін ата-анасы ұлын қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне апарып, рентген жасатып, хирургиялық көмек алды.

Қызметкерлерге шара қолданылды

Тексеру нәтижесінде көмекші тәрбиеші мен әдіскер жұмыстан босатылды. Ал топтың тәрбиешісіне қатаң сөгіс берілді. Балабақша басшылығына ұжыммен түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды.

Қылмыстық іс қозғалды

Агенттік тілшісіне берген пікірінде Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынуда.

«Істің тергеуі басшылықтың бақылауында. Баланың құқықтарын бұзу деректерінің әрқайсысы заң аясында қатаң қаралады», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары