$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да көлік салығынан бюджетке 2,5 млрд теңге түсті

Қазіргі уақытта БҚО-да 181 864 көлік тіркелген

БҚО-да көлік салығынан бюджетке 2,5 млрд теңге түсті
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында қанша көлік тіркелгені және одан қанша салық түскені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» басылымына сүйенсек, автомобиль иелері пайдаланғанына немесе пайдаланбағанына қарамастан көлік салығын жыл сайын төлеуі міндетті.

Қазір БҚО-да 181 864 көлік тіркелген. Олар 140 334 адамға тиесілі.

Оларға салынған салық көлемі – 2,9 млрд теңге. Оның ішінде қазірдің өзінде 2,5 млрд теңге бюджетке түсті.

8 668 азаматқа жеңілдіктер берілген, жалпы сомасы – 237,7 млн теңге.

2025 жылдың 7 айында сот орындаушыларына 4 мыңнан астам салықтық қаулы жіберілген, оның ішінде 46,7 млн теңге өндірілді.

Полициямен бірлескен 226 рейд барысында 1 531 азаматтан 84 млн теңге өндіріп алынды.

Серіктес жаңалықтары