19.08.2025, 00:25
Жаңалықтар
Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл лауазымға Алмасхан Сматлаев тағайындалды.
Ол экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етеді.
Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін «экономика» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.
- 2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сынды әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.
- Бүгінге дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады