$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда аутизмі бар бала арнайы коррекциялық орталықта ауыр жарақат алды

Орталық кінәсін мойындамай отыр, ал ғимарат ішіне камера орнатылмаған, дейді

Алматыда аутизмі бар бала арнайы коррекциялық орталықта ауыр жарақат алды
Фото: Egov.Press/Telegram

Алматыда арнайы коррекциялық орталықта оқушы қыз ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы мәлімет

Ақпарат Egov.Press Telegram-каналы арқылы тарады. Ата-анасының айтуынша, аутизм және сөйлеу бұзылысы бар қызы орталықта қол сүйегінің ығыспалы сынығын алған.

Жарияланымда рентгендік сурет тіркелген. Ал орталық әкімшілігі өз кінәсін мойындамай отыр. Көрген куәлар орталықта бейнебақылау камералары жоқ екенін мәлімдеген.

Полиция не дейді?

Агенттік тілшісі аталған дерек бойынша қалалық Полиция департаментіне жүгінгенде мынандай жауап алды:

«Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайларын анықтауға және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары