$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада аулада атыс болды: полиция 25 жастағы жігітті ұстап әкетті (ВИДЕО)

Оның қаруы тәркіленіп, қамауға алынды

Астанада аулада атыс болды: полиция 25 жастағы жігітті ұстап әкетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам тапаншамен бірнеше рет оқ атқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Telegram-арнада жарияланған видеода ер адамның подъезд алдында тапаншасын шығарып, оқ атып жатқан сәті көрінеді. Кейін ол түсініксіз сөзде айқайлап, тағы да бірнеше рет оқ атады. Кадрда оқтың бірі аулада тұрған автокөлікке тигені байқалады.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы – 25 жастағы елорда тұрғыны. Ол мас күйінде газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқан. Ер адамның қаруы тәркіленіп, өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материалдар сотқа жіберілді.

Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары