$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда есірткі сататын 20 мың сайттың жұмыс істейтіні анықталды

Қазақстанда биыл 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілген жоқ

Қазақстанда есірткі сататын 20 мың сайттың жұмыс істейтіні анықталды
Фото: istockphoto.com

ІІМ-нің мәліметінше, биыл жеті айда елде 4655 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есірткіні жасырушылардан бастап оны таратуды ұйымдастырушыларға дейінгі қылмыстық схемалар ашылды. 24 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 3 трансұлттық ұйымдасқан топ жойылды. Нәтижесінде 12 жетекші мен 48 белсенді қатысушы ұсталды.

Халықаралық ынтымақтастық

ІІМ Ресей Федерациясымен бірлесіп, ел аумағында бірнеше есірткі зертханасын ұйымдастырған күдіктіні қолға түсірді. Ол өткен жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

Есірткімен күрестің нәтижелері

  • 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді;
  • Синтетикалық есірткі көлемі үш есеге артып, 1 тоннадан асты;
  • 322 есірткі өсіру фактісі тіркелді;
  • 76 контрабанда дерегі анықталды;
  • Жастар арасында танымал 20 мың есірткі сайты бұғатталды;
  • Күдікті операциялармен байланысты 38 мың банк картасы бұғатталды (шоттарында 2,5 млрд теңге болған);
  • 102 есірткі зертханасы жойылды (11-і синтетикалық өндіріс, 91-і фитозертхана).

Экономикалық шығын

ІІМ мәліметінше, есірткі бизнесіне келтірілген жалпы шығын 110 млн АҚШ долларын құрады.

Ресми түсініктеме

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының м.а. Данияр Мейірханның айтуынша, есірткіге қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары