$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың қақ ортасында жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті: оның бірі тіл тартпай кетті

Қайғылы оқиға 18 тамызға қараған түні болды

Астананың қақ ортасында жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті: оның бірі тіл тартпай кетті
Фото: Видеодан скрин

Астананың қақ ортасында жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті. Салдарынан оның біреуі тіл тартпай, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне пікір берді.

Ведомство мәліметінше, 18 тамызға қараған түнгі уақытта «Шкода» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай «Сарайшық» көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмысы жүріп жатқанын ескермей, жолдың өту бөлігінде жөндеу жұмысын орындап жүрген екі жұмысшыны қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды», – дейді қалалық ПД.

Серіктес жаңалықтары