$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысының әкімдігі желіде жалған хабарлама таратпауға шақырды

Әскери оқу-жаттығу азаматтардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізбейді

Қарағанды облысының әкімдігі желіде жалған хабарлама таратпауға шақырды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының аумағында әскери оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше оқу-жаттығу жауынгерлік дайындық іс-шаралары аясында алдын ала жоспарланған.

«Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер полигондарға аралас тәсілмен – теміржол, әуе және автокөлікпен марш жасайды. Әскери техниканың жүру бағыттары туралы ақпарат мүмкіндігінше алдын ала хабарланады», - деп түсіндірді әкімдік.

Аталған іс-шараларды өткізу мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жұмысына, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізбейді.

«Әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - дейді мамандар.

 

Серіктес жаңалықтары