$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде ер адамды полиция бөлімшесінің алдында аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)

Соққыға жығылған адамға пышақ сұғылған болуы мүмкін

Семейде ер адамды полиция бөлімшесінің алдында аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Семейде орталық полиция бөлімі мен өрт сөндіру бөлімшесінің жанында куәгерлер ер адамды соққыға жыққан сәтті видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың айтуынша, соққыға жығылған адамға пышақ сұғылған болуы мүмкін.

Куәгерлер түсірген кадрларда ер адамның жол белгісінің жанында асфальтта жатқаны көрінеді. Оның айналасында үш ер адам айқайлап, ұрып-теуіп жатқаны байқалады. Біреуі ұстап тұрып, екіншісі аяғынан тартқан, ал үшіншісінің қолында пышаққа ұқсас зат байқалады. Біраз уақыттан кейін оларға тағы бір адам келіп, араласуға тырысқан.

Абай облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, пікір білдірді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала деректер бойынша, жанжал тұрмыстық негіздегі араздықтан туындаған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция зардап шегушінің ауруханаға жатқызылғанын нақтылады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары