«Маған қарап отыр деп ойлапты»: Нұржан Тұтов әйеліне қатысты қызықты оқиғаны айтып берді (ВИДЕО)
Өнерлі жұп кинотеатрда болған оқиғаны еске алды

Пародист Нұржан Тұтов пен актриса Гүлшат Тұтова жастық шақтағы қызықты оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Екеуміз танысқан кезде бұл орысша, мен қазақша сөйлейтін едім. Мен орысша білмеймін ғой. Ол қазақша, мен орысша түсінгенімізбен сөйлей алмайтынбыз», - деп еске алды Гүлшат Тұтова.
«Қалғанын мен айтайын» деп, әңгімеге Нұржан Тұтов араласты.
«Неге екенін білмеймін, бала кезімнен бір қырыммен, көзімнің қиығымен қарайтын едім. Бір күні киноға бардық. Екеуміз кино көріп отырмыз. Мен бір қырыммен қарап отырсам керек. Бұл маған қарап отыр деп ойлапты. Сөйтіп кино біткенше өзінше майысып отырған ғой», - деп күлдірді ол.
«Киноның басынан бастап неге бүйтіп қарады екен деп, бұрылып қарап қалсам, қырымен кино көріп отыр екен», - деген пародистің жұбайы жұртты күлкіге қарық қылды.
Еске сала кетейік, әнші Жанболат Ербатыров «БЕНЕФИС ШОУ» жобасында жұбайы Жазира Байырбекованы алып қашқан кезде хатқа не деп жазып қалдырғанын айтқан болатын. Хатты Жазираның Ерболат деген бауырына біреулер арқылы беріп жіберген.
«Ерекеңмен бірге оқыдық. Жазира кейін келді. «Ереке, Жазираны алып бара жатырмын, осылайда-осылай» деп жаздым. Ол кезде шок болдым шыны керек», - дейді Жанболат.