Бұршақ, жаңбыр жауады: Астана мен бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 15 тамыз, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада найзағай ойнап, екпіні 15-18 м/с жел соғады.
Түркістан облысында қатты жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.
Ақтау, Ақтөбе, Павлодар қалаларында найзағай ойнайды.
Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қаласында, Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр, жел, дауыл соғып, найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі бар.
Атырау, Семей қалаларында, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жоғары өрт қаупі сақталады.