$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада балалар спорты мен шығармашылығына бөлінген 88 млн теңге жымқырылған – ҚМА

Олар кәсіпкерлерді тексеріс нәтижесін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған

Қызылордада балалар спорты мен шығармашылығына бөлінген 88 млн теңге жымқырылған – ҚМА
Фото: Видеодан скрин

Қызылорда қаласында «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеуі

Қылмыстық істі Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді.

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топтың бір мүшесі қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерді тексеріс нәтижесін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.

88 миллион теңге қалай жұмсалды

Айыпталушылар кәсіпкерлерден алған 88 млн теңгеден астам қаржының бір бөлігін коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімі

Сот басты айыпталушыны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары