$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда алаяқтарға алданған тұрғындарға 10 млн теңге қайтарылды

Облыс орталығында жыл басынан бері 1000-нан астам алаяқтық дерегі тіркелді

Павлодарда алаяқтарға алданған тұрғындарға 10 млн теңге қайтарылды
Фото: freepik.com

Павлодарда интернет-алаяқтардың заңсыз әрекетінен зардап шеккен облыс тұрғындарына шамамен 10 миллион теңге қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Банктермен бірлескен іс-қимыл

Полиция екінші деңгейлі банктермен және Антифрод-Орталық платформасымен бірлесіп, жалпы сомасы 128 млн теңгеден асатын 360 банктік шотты бұғаттады. Оның ішінде 10 миллион теңгеге жуық қаражат жәбірленушілерге қайтарылды.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу

Павлодар қаласының полициясы интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу жұмысын тұрақты түрде жүргізеді. Тұрғындарға банк қызметтері, мобильді байланыс және интернет арқылы жиі кездесетін алаяқтық түрлері жайлы ескерту жасалады.

Көп жағдайда азаматтар жаңа алаяқтық тәсілдерінен хабарсыз болып, өздерін қорғау жолдарын білмейді.

Мыңнан астам факті тіркелді

Облыс орталығында жыл басынан бері 1000-нан астам алаяқтық дерегі тіркелді. Полиция ауқымды профилактикалық шаралар жүргізеді:

  • жадынамалар тарату;
  • бейнероликтер мен билбордтар орналастыру;
  • стадиондарда, сауда орталықтарында, көлікте және жағалауда ескертулер тарату;
  • зейнеткерлер мен жастарға жеке түсіндіру жұмысын жүргізу;
  • үй аралау, еңбек ұжымдары мен оқу орындарында дәрістер оқу.

Полиция ескертуі

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болып, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары