$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 1,8 млн теңге жалақыны кімдер алады

Шілдеде жұмыс берушілер "Enbek.kz" электронды еңбек биржасына 104,8 мың бос жұмыс орнын шығарды

Қазақстанда 1,8 млн теңге жалақыны кімдер алады
Фото: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілдеде «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында ең көп жалақы сұраған жұмыс іздеушілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ең жоғары жалақыны мына мамандар сұраған:

  • ұшқыш (орта есеппен 1,8 млн теңгеден),
  • сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (1,5 млн теңге),
  • IT саласындағы техникалық директор (1,4 млн теңге).

Ал нақты сектор ұсынған ең жоғары жалақы:

  • тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңгеден),
  • учаске басшысы (747 мың теңге),
  • бас құрылысшы (668 мың теңге).

Шілдеде жұмыс берушілер "Enbek.kz" электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.

Нақты мамандықтардың ішінде жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие болғандар:

  • мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны),
  • тәрбиешілер (1,9 мың),
  • автокөлік жүргізушілері (1,8 мың).

Шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақта артты. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкентте (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өсті.

Серіктес жаңалықтары