13.08.2025, 17:30
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің қызметкері ұсталғанын растады
Ведомство осыған қатысты арнайы хабарлама таратты
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің қызметкері ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство осыған қатысты арнайы хабарлама таратты.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды.
Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
