$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр, тұман, жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» сәрсенбі, 13 тамызға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Жаңбыр, тұман, жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: © freepik.com

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, жаңбыр жауады, жел соғып, найзағай ойнайды, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел соғады, өрт қаупі жоғары.

Ақтауда және Ұлытау облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Қызылорда және Жезқазған қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, найзағай ойнайды, жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе, Семей, Қостанай, Орал, Өскеменде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Серіктес жаңалықтары