Ақтөбеде пойыз басшысын өлтіріп кеткен оқиға: жанжалдың қалай басталғаны анықталды
Ақтөбеде болған кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде пойыз басшысын пышақтап өлтіріп кеткен оқиға бойынша жанжалдың қалай басталғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 7 тамызға қараған түні Ақтөбе қаласында болған кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған, қақтығыс вокзал перронында болып, «қылмыстық ортада бедел көтеру» мақсатымен жасалды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жәбірленуші мен күдіктінің екеуі де алкогольдік мас күйінде болған кезде туындаған сөзталас себеп болған.
Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Еске саламыз, жалған мәлімет тарату заңмен, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікпен қарастырылған», – делінген агенттік тілшісіне берген жауабында.
Айта кетейік, Ақтөбеде пойыз бастығын темекі бермегені үшін пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тараған.