Ақтөбеде пойыз басшысын жауыздықпен өлтірге оқиға: тың мәліметтер жарияланды
Күдіктінің бұрын сотталғаны белгілі болды

Ақтөбе теміржол вокзалында 28 жастағы ер адам темекі беруден бас тартқан пойыз бастығын пышақтап өлтірді. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Еске салайық, Ақтөбе вокзалы перронында пойыз бастығын аса қатыгездікпен өлтіріп кетті. Полицияның мәліметінше, 47 жастағы пойыз бастығына бейтаныс адам жақындап, темекі сұраған. Бас тартқан соң ол пышақ шығарып, алты рет соққы сұғып алған.
Бейнебақылау камералары қылмыскердің пышақтың қынабындағы қанды сүртіп, мәйітке көз тастап, оқиға орнынан асықпай кеткен сәтін түсіріп алған. Жазбаны полиция жариялаған жоқ.
Күдікті – бұрын сотталған, пробациялық бақылауда болған 28 жастағы ер адам. Енді ол қасақана кісі өлтіру айыбы бойынша қайта қамауға алынды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қайғылы жағдай болған күні олардың қызметкері демалыста болғанын нақтылады.
«Қайғылы оқиға оның демалысы кезінде болды. Тергеу жұмысын құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы марқұмның отбасына қажетті материалдық көмек көрсетті. Компания басшылығы мен әріптестері оның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деді компанияның баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.