12.08.2025, 09:50
Жаңалықтар
Дропперлік, кибертоптар: Қазақстанда интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы белең алып тұр
Прокуратура органдарының жұмысы айтылды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеді, бірақ интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы әлі өзекті. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов 2025 жылдың 7 айындағы прокуратура органдарының жұмысы туралы мәліметінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыс деңгейі азайды
Үйлестіру шараларының нәтижесінде қылмыстық ахуал жақсарып, құқық бұзушылық деңгейі 82 573-тен 76 512-ге дейін төмендеді.
- Қоғамдық орындардағы қылмыс – 23 121-ден 21 269-ға дейін азайды;
- Көшелердегі құқық бұзушылық – 11 035-тен 10 272-ге дейін қысқарды.
Интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы – басты қауіп
Сонымен бірге, интернет арқылы жасалатын алаяқтық пен есірткі қылмысы әлі де өзекті мәселе болып отыр.
Бұл бағытта мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізілуде.
Нәтижелер: киберқылмыс пен есірткі саудасына соққы
- Алаяқтыққа қарсы күрес аясында 61 кибертоп әшкереленді;
- 217 «дроппер» қылмыстық жауапкершілікке тартылды;
- Интернеттегі есірткі саудасын тоқтату мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 16:47
Түркия Қазақстанда әскери дрон өндіретін кәсіпорын ашатын болды: Тоқаев пен Ердоған қол қойды