«Балаларым бар, қайда барам?»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жанайқайын жеткізді
Әрқайсының дауысы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол күн айын күйеуінен зәбір көрген 10 шақты әйел көмек сұрайтынын атап өтті.
«Бұл видеодағы жағдай қаншамаңызға таныс? Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады: «Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…». Әрқайсының дауысы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады», - деп жазды ол.
Оның айтуынша әйелдер зорлық-зомбылыққа көнуге мәжбүр болатын жағдайлар аз емес.
«Себебі әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар:
- Балаларым бар…
- Қайда барам, ақшам жоқ…
- Мүмкін өзгерер…
- Ата-анам не дейді?..
- Ұялам…
- Өзімді кінәлаймын.
Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда», - деп түйіндеді Мөлдір Мұқанова.
Еске сала кетейік, жуырда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған болатын.