Ақтауда есірткі сатты деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды (ВИДЕО)
Оған қылмыстық және әкімшілік іс бойынша екі бірдей айып тағылды

Ақтауда есірткі сатты деген күдікпен 55 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше полиция операцияны арнайы мақсаттағы «Беркут» бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген.
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының 6-шағынауданында 1970 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту жүргізу кезінде одан есірткі заттары табылып, тәркіленді, сондай-ақ медициналық куәландыру барысында оның есірткі пайдаланғаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз айналымға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы (медициналық емес мақсатта есірткі қолдану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция заң талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.