08.08.2025, 00:03
Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болады
Көлік министрінің міндетін атқарушы жаңа бұйрыққа қол қойды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда жүргізушілер үшін тағы бір тасжол ақылы болмақ. Көлік министрінің міндетін атқарушы Ақтау – Бейнеу республикалық маңызы бар автожолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақылы жол қай учаскелерді қамтиды?
Ақылы жол ретінде тіркелген аумақ:
- Ақтау – Жетібай – Шетпе – Бейнеу бағытындағы республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автокөлік жолы.
Бұл жол — II санаттағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау трассасының бөлігі.
Альтернатив жолдар бар ма?
Иә. Жүргізушілер келесі балама бағыттарды пайдалана алады:
- Ақтау – Құрық (республикалық маңызы бар жол),
- Құрық – Жетібай,
- Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы,
- Жаңаөзен – Қызылсай (аудандық маңызы бар жол),
- Сай-Өтес – Қарақұдық – Қызылсай (облыстық маңызы бар жол).
Ақылы жолдың ұзындығы және қозғалыс жолағы
- Ұзындығы: 272,15 шақырым
- Бастапқы нүктесі: 786 км
- Аяқталу нүктесі: 513+850 км
- Жолақ саны: 1 немесе 2 жолақ (екі бағытта)
Жол ақысы қанша тұрады?
2025 жылы бір жол жүру үшін бекітілген төлемдер мынадай (АЕК = 3932 ₸):
| Көлік түрі | Постоплата (теңге) | Алдын ала төлем (теңге) |
|---|---|---|
| Жеңіл көлік | 149 ₸ | 127 ₸ |
| 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 т дейінгі жүк көліктері | 2000 ₸ | 1698 ₸ |
| 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 т дейінгі жүк көліктері | 4035 ₸ | 3428 ₸ |
| 32 орыннан жоғары автобустар және автопоезы 10 т дейінгі жүк көліктері | 6026 ₸ | 5120 ₸ |
| 10–15 т жүк көліктері | 8063 ₸ | 6856 ₸ |
| 15 т жоғары жүк көліктері (прицеппен, тіркемемен) | 10061 ₸ | 8555 ₸ |
Абоненттік төлем (айлық және жылдық)
| Көлік түрі | Айлық абонплата | Жылдық абонплата |
|---|---|---|
| Жеңіл көлік | Қарастырылмаған | 1 МРП (3932 ₸) |
| Автобустар және жүк көліктері | 1–5 МРП | 12-60 МРП (47 184 – 235 920 ₸) |
Ақылы жүйе қашан енгізіледі?
Жолдың ақылы режимі 2025 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
23.12.2025, 14:16
Атырауда әйелін қызғаныштан оқтаумен ұрып өлтірген ер адам небәрі 10 жылға сотталды
23.12.2025, 09:45
Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйға берді
Редактордың таңдауы
23.12.2025, 12:43
Алматы жұрты аңыз актер Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды