$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Степногорск тұрғыны Балқашта демаламын деп алаяқтардың тұзағына түсіп қалды

Интернеттегі демалыс жарнамасы тағы да алаяқтыққа ұласты

Степногорск тұрғыны Балқашта демаламын деп алаяқтардың тұзағына түсіп қалды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың жаңа дерегі тіркелді. Бұл жолы Степногорск қаласының 45 жастағы тұрғыны Instagram желісі арқылы демалыс орнына ақша аударып, соңында алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Instagram парақшасы арқылы Балқаштағы демалыс үйіне тапсырыс берген

Жәбірленуші 6 тамыз күні Степногорск қалалық полиция басқармасына арыз түсірген. Оның айтуынша, 4 шілде күні Instagram парақшасынан Балқаш көлінің жағасында орналасқан демалыс үйлерін жалға беруге арналған жарнаманы көріп, әкімші ретінде көрсетілген адаммен хабарласқан.

Сенім артқан әйел алты күндік демалысты брондау үшін үш рет төлем жасап, жалпы сомасы 82 мың теңге жіберген. Алайда алдын ала төлем жасалғаннан кейін, демалыс орнының өкілімен байланыс үзілген. Ешқандай бронь расталмаған.

Алаяққа қатысты тергеу басталды

Аталған факт бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдікті адамның кім екенін анықтап, оның іске қатысы бар-жоғын тексеруде.

Полиция тұрғындарға үндеу жасады: сақ болыңыздар!

Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға интернет арқылы қызмет немесе тұрғын үй брондағанда аса сақ бол туралы кеңес береді. Құзырлы орган азаматтарға мынадай ұсыныстар айтады:

  • Парақшаның ресми екенін тексеріңіз;
  • Лицензиясы бар ма, құжаттары заңды ма – көз жеткізіңіз;
  • Белгісіз тұлғаларға алдын ала төлем жасамаңыз;
  • Расталмаған шоттарға ақша аударудан бас тартыңыз.
Серіктес жаңалықтары