07.08.2025, 10:46
Жаңалықтар
Қазақстанда бірқатар судья заңды өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Ал 3 судьяға қатысты тәртіптік іс-қозғау тәртіп бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды
Фото: istockphoto.com
Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот алқасының кезекті отырысында 10 судьяға қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарау қорытындысы бойынша 7 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
- 4 судья – сот ісін қарау барысында заңдылықты өрескел бұзғаны үшін (оның ішінде 2 судьяға – сөгіс, 2 судьяға – ескерту түріндегі жаза қолданылды);
- 3 судья – судьялық этика нормаларын бұзғаны үшін (оның ішінде 1 судьяға – сөгіс, 2 судьяға – ескерту берілді).
Ал 3 судьяға қатысты тәртіптік іс-қозғау тәртіп бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды.
Жоғарғы сот кеңесі Сот алқасының шешімдері әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті. Судьялар бұл шешімдерге белгіленген тәртіппен шағым түсіруге құқылы.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)