07.08.2025, 10:59
Жаңалықтар
Елімізде тағы бес кәсіби мереке пайда болды
Кеңейтілген тізімде барлығы 74 кәсіби мереке қамтылды
Фото: freepik.com
Қазақстанда кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрықты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің электрондық порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер тізіміне тағы бес атаулы күн енгізілді:
- Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
- Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні – 15 қыркүйек;
- Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні – 20 қазан;
- Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.
Осылайша, кеңейтілген тізімде барлығы 74 кәсіби мереке қамтылған.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды