Алматы облысында теміржол өткеліне шығып кеткен ер адамды пойыз қағып кетті
Ол теміржол өткеліне кенеттен шығып алған

Алматы облысында теміржол учаскесінде пойыз ер адамды қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған. ҚТЖ мәліметінше, сағат 19:52-де ер адам келе жатқан пойыздың жолына кенеттен шығып кеткен. Машинист шұғыл тежеу қолданғанымен, арақашықтықтың тым жақын болуына байланысты қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
«19:52-де Қарабұлақ – Тентек учаскесінде машинист бөгде адамның теміржолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежегішті қолданды. Алайда арақашықтықтың тым аз болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Ұлттық компания теміржол маңында жүру ережесін бұзу адам өміріне қауіп төндіретінін ескертеді:
«ҚТЖ азаматтарды барынша сақ болуға және теміржол маңында жүру тәртібін қатаң сақтауға шақырады. Естеріңізге саламыз, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін».