Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл: 7 тамыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада найзағай, бұршақ, дауыл және жел күтіледі.
Жезқазған мен Көкшетауда найзағай болжанып отыр.
Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семейде және Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Ақтөбе мен Өскеменде найзағай және 15-18 м/с жылдамдықтағы екпінді жел болжанып отыр.
Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, тұман және қатты жел болады.
Қарағанды, Жамбыл және Ұлытау облыстарында найзағай және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Атырау қаласы мен Атырау және Ақтөбе облыстарында найзағай, қатты жел, 37 градусқа дейін аптап ыстық және төтенше өрт қауіпі күтіледі.