$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Қытайға ондаған тонна тауық етін қайтарды

Жағдайға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді

Қазақстан Қытайға ондаған тонна тауық етін қайтарды
Фото: freepik.com

Қазақстан аумағы арқылы құс шаруашылығы өнімдерін транзиттеуге қойылған шектеулерді бұзғаны үшін 42,2 тонна тауық филесі Қытайға кері қайтарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жетісу облысы Панфилов ауданы аумағындағы «Нұр-Жолы» ветеринариялық бақылау бекетінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан Түрікменстанға бағыт алған термиялық өңдеуден өтпеген, терісі мен сүйегі алынған 42,2 тонна мұздатылған тауық филесін заңсыз транзитпен өткізу әрекетінің жолын кесті. Жүк құс шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге және транзиттеуге қойылған уақытша шектеулерді бұзғаны үшін ұсталды», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, бұл шектеулер тірі құсқа, инкубациялық жұмыртқаға, мамық пен қауырсынға, кемінде 70°C температурада термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерге, құсқа арналған жем мен жемдік қоспаларға (микробиологиялық және химиялық қоспалардан басқа), сондай-ақ пайдаланылған құс ұстауға, союға және өңдеуге арналған жабдықтарға және басқа да санаттарға қатысты.

«Бұзушылыққа жол берген жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Өнімнің толық партиясы шыққан еліне кері қайтарылды», – деп мәлімдеді АШМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан аумағында қолданылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар мен шектеулерді қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Серіктес жаңалықтары