06.08.2025, 22:58
Жаңалықтар
Жоғалып кетті немесе суға батып кетті: Семейде бозбаланы бірнеше күннен бері іздестіріп жатыр
Қайғылы оқиға 1 тамызда болды
Фото: obvk.kz
Абай облысында Холодный Ключ ауылы маңында суға кеткен баланы іздеу жұмысы әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
1 тамыз күні сағат 14:44-те «112» жедел қызметіне баланың суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жүзуге арналмаған және шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.
Құтқарушылар бірден әрекет етті, бірақ нәтиже жоқ
Хабарлама түскен бойда жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздестіру жұмысына кіріскен. Алайда барлық күш пен техника жұмылдырылғанына қарамастан, бүгінге дейін бала табылған жоқ.
Іздестіру жұмысына арнайы техника тартылды
Қазіргі уақытта іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Оған 11 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 1 эхолот, 1 суасты камерасы жұмылдырылған.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды