$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында жеті әкім заңсыз ісі үшін жазаланды

Олардың не себепті жазаланғаны белгілі болды

Алматы облысында жеті әкім заңсыз ісі үшін жазаланды
Фото: istockphoto.com

Талғар ауданында жер заңнамасын бұзғаны үшін жеті ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәліметке сүйенсек, соңғы үш жыл ішінде мемлекет меншігіне 2 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер қайтарылған.

«Биыл осындай 4 мың гектардан астам жер анықталды, олардың барлығы бойынша жерді қайтару туралы сотқа талап-арыздар жолданды, екі талап-арыз қанағаттандырылды. Сондай-ақ, биыл мақсатты пайдалану түрін өзгерту кезінде жердің кадастрлық құнын төлемеу деректері анықталды. Жалпы сомасы – 306 млн теңге, оның 165 миллионы бюджетке өндірілді. Жеті ауыл округінің әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың екеуі – мемлекеттік қызметті беделсіз атқарды деген негізбен», – делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Сондай-ақ, жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту, оны жекеменшікке беру және қосымша жер телімдерін үлестіру фактілеріне қатысты прокурордың наразылықтары қанағаттандырылғаны атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары