$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екі адамды құтқарып, өзі қаза тапты: Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның отбасына пәтер берілді

Қайғылы оқиға 26 шілде күні Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында болды

Екі адамды құтқарып, өзі қаза тапты: Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның отбасына пәтер берілді
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқарамын деп қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 26 шілде күні Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында болды. Ерлан Шонтабаев шомылуға арналмаған жерде суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды. Онымен бірге тағы бір ер адам көмекке ұмтылған. Алайда үшінші адамды алып шығу әрекеті қайғылы аяқталып, Ерлан қатты толқын салдарынан көз жұмды.

«Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтаудан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Толықтай қоныстануға дайын баспана құрылыс компаниясының демеушілік қолдауымен берілді. Сондай-ақ материалдық көмек көрсетілді», – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары