$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында қарсы жолаққан шыққан 250-ден аса адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Екібастұзда қарсы жолаққа шыққан 36 жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар облысында қарсы жолаққан шыққан 250-ден аса адам жүргізуші куәлігінен айырылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысында жыл басынан бері қарсы қозғалыс жолағына шыққан 253 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 36 жүргізуші – Екібастұз қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Барлық жүргізуші 6 айға жүргізу құқығынан айырылды

Жол ережесін бұзғандардың барлығы 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне тұрақты бақылау жүргізілуде

Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында тұрақты түрде алдын алу іс-шараларын жүргізіп келеді.

Mercedes жүргізушісі қарсы жолаққа шыққаны үшін сотқа жіберілді

Мысалы, Беркімбаев көшесінде «Mercedes Benz» көлігі тоқтатылып, оның жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.
Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция департаменті барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірлеріне және өзге қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары