Миллиондаған теңгелік ойыншықтар: Алматыда жасырын қойма табылды
Жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам 1000-нан аса өнім тәркіленді

Алматыда «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы аясында қала аумағында контрафакт ойыншықтардың ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Бренд иесінің шағымы негізінде рейд жүргізілді
Қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, рейдке бір компанияның тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуы жөніндегі ресми шағымы себеп болды. Қаланың сауда орындары мен қоймаларына тексеру жүргізілген.
2 миллион теңгеден астам сомаға жалған конструкторлар табылды
Нәтижесінде бірнеше базар мен қоймадан түпнұсқаға ұқсас жалған конструкторлар, жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам 1000-нан аса өнім тәркіленді.
Контрафакт өнімдер балаларға қауіпті
«Контрафакт тек бренд құқығын бұзбайды. Бұл – әсіресе балаларға қауіп төндіретін улы, сапасыз, жарақат келтіруі мүмкін өнімдер. Біз осындай заңбұзушылықтардың жолын кесуді жалғастырамыз», – деді басқарма бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.
Тауарлар таңбаланбаған және өндірушісі көрсетілмеген
Тәркіленген өнімдердің қаптамасы сапасыз, таңбаланбаған, өндіруші туралы ақпарат жоқ болған.
Іс материалдары жинақталып, сотқа жолданды.