$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент пен Қазақстанның бірнеше өңірінде жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісі Астана уақытымен 18:44-те тіркелген

Шымкент пен Қазақстанның бірнеше өңірінде жер сілкінісі сезілді
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 5 тамыз күні Шымкент, Тараз қалаларында және Түркістан мен Жамбыл облыстарының 16 елдімекенінде екі баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 18:44-те тіркелген. Жерасты дүмпулері Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым жерде болған.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.1. Магнитудасы MPV 5.9. Есептік қарқындылығы – екі балл», — делінген хабарламада.

Жамбыл облысында екі баллдық жер сілкінісі мына елдімекендерде сезілді:

  • Тараз қаласы;
  • Шу қаласы;
  • Меркі ауданының Меркі ауылы;
  • Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылы;
  • Байзақ ауданының Сарыкемер ауылы;
  • Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылы;
  • Жамбыл ауданының Аса ауылы;
  • Қордай ауданының Қордай ауылы;
  • Талас ауданының Қаратау қаласы;
  • Шу ауданының Төле би ауылы.

Түркістан облысында жер сілкінісі екі балл деңгейінде тіркелді:

  • Шымкент қаласы;
  • Түлкібас ауданының Тұрар Рысқұлов ауылы;
  • Төле би ауданының Леңгір, Маңкент, Сайрам ауылдары;
  • Сайрам ауданының Ақсукент ауылы;
  • Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылы;
  • Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы;
  • Келес ауданынның Абай ауылы;
  • Ордабасы ауданының Темірлан ауылы.

Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде сақталуы тиіс 10 қарапайым ережені еске салды:

  • сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз;
  • дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • жиһаздан, терезеден, аспалы шамнан аулақ болыңыз;
  • берік әрі сенімді баспана табыңыз;
  • жоғарғы қабатта болсаңыз, негізгі тірек қабырғалар бұрышына жайғасыңыз;
  • ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйде – дүмпу басылған соң);
  • су, газ бен электр желісін ажыратыңыз;
  • алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін алыңыз;
  • электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыста болыңыз;
  • қайталама дүмпуге дайын болыңыз, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.
Серіктес жаңалықтары