$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елена Рыбакина қашан әлемнің бірінші ракеткасы болады

Оның жеке бапкері бұл сұраққа жауап берді

Елена Рыбакина қашан әлемнің бірінші ракеткасы болады
Фото: Қазақстан Теннис федерациясы

52 жастағы италиялық бапкер Давиде Сангвинетти қазіргі уақытта қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері болып жұмыс істеп жүр. Ол әлемнің 12-ракеткасы саналатын Елена Рыбакинаға қатысты алдағы жопары туралы ой бөлісті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Super Tennis басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжірибелі маман Қазақстанның үздік теннисшісімен жарты жылдан бері бір командада еңбек етіп келеді және жылдам нәтиже күтпейтінін бірден ескерткен.

«Ол маған не істегенін айтып берді. Мен екі жылға келісім сұрадым, өйткені менің жұмыс істеу әдістемем ерекше. Бірінші жылы барынша қазіргі деңгейін сақтап қалғым келеді, мүмкін рейтингті алтыншы орында аяқтаймыз. Ал келесі жылы оны әлемнің бірінші ракеткасы етуге тырысамын. Ол үшін барлық әлеуеті жеткілікті», – деді Давиде Сангвинетти.

2025 жылғы 3 ақпанда Елена Рыбакина италиялық бапкер Давиде Сангвинеттимен келісімшарты басталғанын мәлімдеген еді. Сол кезде қазақстандық теннисші WTA рейтингінде бесінші орында тұрған болатын.

Серіктес жаңалықтары