$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жемқорлар ұрлаған 2,4 млрд теңгеге ауруханалар жөнделіп жатыр

Қайтарылған активтер әлеуметтік мақсатқа жұмсалып жатыр

Жамбыл облысында жемқорлар ұрлаған 2,4 млрд теңгеге ауруханалар жөнделіп жатыр
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында жемқорлар ұрлаған активтер есебінен 2,4 млрд теңгеге ауруханалар жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және елге қайтарылған заңсыз активтерді әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау жұмыстары жалғасуда.

Осы мақсатта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысының бірнеше өңірінде ауруханаларды қайта құру көзделген.

Ауданаралық ауруханаларға – миллиардтаған теңге

Жоба аясында Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді.

  • Талас ауданындағы көпбейінді орталық аурухананы реконструкциялауға – 2,3 млрд теңге;
  • Меркі ауданындағы аурухананың қабылдау бөлімшесін жөндеуге – 144,9 млн теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары соңғы кезеңде, ал нысанды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланған.

2025 жылға дейін – 2,8 млрд теңге көлемінде қолдау

Жалпы алғанда, 2025 жылы Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласына Арнаулы мемлекеттік қордан 2,8 млрд теңге бағытталмақ.

Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында салынған екі дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл амбулаториялар тәулігіне 45 адамға дейін қабылдай алады.

Серіктес жаңалықтары