05.08.2025, 10:26
Жаңалықтар
Қостанайда Toyota Land Cruiser 300 көлігін ұрлағандар оны Қарағанды облысындағы ауылға жасырған (ВИДЕО)
Көлік ұрлағандар қамауға алынды
Қостанай қаласында Toyota Land Cruiser 300 көлігін ұрлаған адам Қарағанды облысындағы ауылға апарып жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі 2022 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі күдіктіні ұстады.
Келтірілген шығын 50 миллион теңге деп бағаланып отыр. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысындағы Ново-Долинка кенті аумағынан табылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы